Шымкенттегі Полиция департаментінде көз жұмған қостанайлық Нұрболат Жұмабаевты ұстаған сәттің бейнежазбасы жарияланды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі AstanaTV телеарансына сілтеме жасап.
Қоғамдық резонанс тудырған оқиғаға қатысты видеоны журналист Михаил Козачков Telegram арнасында бөліскен.
Ол бейнебақылау камерасына жазылған екі таспа жариялаған. Оның біріншісі дәмхана сыртында түсірілген. Дәмхана алдында Нұрболат Жұмабаевтың телефонмен сөйлесіп жүргені таспаға түскен. Кенеттен оған арнайы жасақ қызметкерлері тап беріп, жерге жатқызып, қолын қайырып, тепкілегені анық көрінеді.
Екінші видеода жайбарақат тамақтанып отырған оның досы Сергей Петровты арнайы жасақ дәмхана ішінде ұстағаны жазылып қалған. Күдіктілер полицияға еш қарсыласпағаны көрінеді.