Шымкент қаласындағы Сайрам-3 ықшам-ауданында кісі өлімі орын алды. Мәйіт салынып жатқан үйдің жертөлесінен табылды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Марқұм мен кісі өлтірді деген күдікке ілінген ер адам – Өзбекстан азаматтары.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, құрылыста бес-алты өзбек жұмысшы істеген. Ол жерден ешқайда шықпаған.
Бір нұсқа бойынша, марқұм – құрылысшы-гастарбайтер. Пышақ жүрек аймағына тиген. Күдікті оқиға орнында ұсталды.
Дәрігерлерде ер адамды құтқара алмады.
“Тексеру барысында жұмысқа келген жәбірленушінің жеке басы анықталды. Аталған факт ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру»бойынша тіркелді”, – деді Шымкент ПД бастығының орынбасары Серік Ергешов