Биыл Шымкентте 6 кітапхана жаңартылып, олардың үшеуі оқырмандардың қолдануына қайта берілді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін тағы бір кітапхана қайта ашылады, – деп хабарлалайды ”Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Солардың қатарында Шәмші Қалдаяқовтың 5 жыл тұрған үйінің бірінші қабатында кітапхана ашылды. Аталған кітапхананың интерьерінің тақырыбы музыкаға арналады.
Кітапхананың ашылу рәсіміне сазгердің қарындасы Райхан Қалдаяқова да қатысып, жиналған қауым гүл шоғын қойды.