Шымкентте қоқыс контейнерінен әйелдің мәйіті табылды

Жангелдин көшесіндегі қоқыс контейнерінің жанынан өтіп бара жатқан адам полицияға хабар берген,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәйіт көрпеге оралып, үлкен сөмкеге салынған.

Полиция әйелдің шамамен 35 жаста екенін анықтады. Оның жанында ешбір құжат болмаған.

Әйелдің денесінде соққының іздері бар.

Қазіргі күні аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Comments (0)
Add Comment