Шымкентте контрафакт өнімдерін жасап, сатып келген жасырын цех әшкере болды деп хабарлады turkystan.kz.
Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде контрафакті өнімдерін дайындайтын астыртын цехтың жұмысы тоқтатылды.
«The Procter & Gamble» компаниясының «Tide», «Ariel» және «Миф» маркалы тұрмыстық химия өнімдерінің сауда белгісін заңсыз пайдалану фактісі анықталды. Тінту кезінде 1 790 қап контрафактілік тұрмыстық химия заттары, контрафакті өнімдерін өлшейтін және дайындайтын құрылғылар табылып, тәркіленді. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жарияланбайды», делінген хабарламада.