Шымкентте Енікеевтер отбасы бес жыл бойы салған баспанасынан бір сәтте айырылып қалды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сайт мәліметінше, көпбалалы отбасының үйі өрттен қирап қалған. Үйінен өрт шыққанда іштегілер құжаттары мен кей киімдерін ғана алып шыққан. Енді бес бала ауа райының қандай боларын ойлап, отқа жылынуға мәжбүр. Көпбалалы ана жылаудан тыйылмайды.
«Шатырға шықтық, түтін будақтап жатыр екен, біз өрт сөндіру қызметін шақырдық. Өрт сөндірушілер келіп, бәрін қиратты. Өрттің себебі сымнан шыққан деді, бірақ үйімізде от мына жағынан емес, арғы жақтағы бөлме қабырғасынан шықты», – деп еске алады Рамзия Енікеева.
Енді олар далада қалып отыр, не істерін білмейді. Отағасы – үйдегі жалғыз асыраушы. Ер адам сантехник болып жұмыс істейді. Жалақысы мен көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы әзер жетеді. Жанұя енді қайда барарын білмей дал, баспана тұрмақ, жөндеу жұмыстарына да ақшамыз жоқ дейді.
Сол түні өртті 14 адам сөндірген. Өрт ақауы бер пештен шыққан болуы мүмкін. Ал өрт қою нұсқасы, құтқарушылардың ойынша, мүмкін емес.
«Өртеу нұсқасына күдік жоқ, себебі пештен шыққан өрт. Алты шаршы метр, яғни үйдің төбесі мен шатыры. Үй иелері пешті тазалағанбыз дейді, бірақ 2018 жылы бұл үйде тағы бір өрт болған. Сол уақытта да өрт осы пештен шыққан», – дейді Шымкенттің Абай аудандық ТЖБ аға инженері Эльдар Паттахов.
Мұндай жағдайда мемлекет отбасына көмектесуге міндетті емес. Бар үміті бей-жай қалмайтын жандарда.
«Заңда мүлкімізді сақтандыруға міндеттейтін бап бар. Сақтандырылса, ақшалай өтемақы болар ма еді, соған баспана сатып алар еді немесе жөндеу жұмыстарына жұмсайтын еді. Бірақ сақтандырушылар да келісімшарт толтырарда өте сақ, бәрін оқу керек», – дейді адвокат Евгений Яворский.
Әзірше Енікеевтер отбасы таныстарына барып күнелтіп жүр. Бірақ ол жақта да ұзақ уақытқа қала алмайды. Бес бала туыстарына салмақ түсіреді. Енді көпбалалы отбасы уақытша баспана мен құрылыс материалдарын алуға жұртшылықтан көмек сұрайды.