Шымкентте есін жоғалтқан жүргізуші ағашқа соғылып көз жұмды. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
28 қараша күні сағат 17:30-да Ақпан батыр мен Мәншүк Мәметова көшелерінің қиылысында “Toyota Camry” автокөлігінің жүргізушісінің эпилепсия талмасы ұстап қалды. Есін жоғалтқан жүргізуші ағашқа соғылып, көз жұмған.
Апатқа ұшыраған ер адамның жасы шамамен 35-40-та.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем ер адамның өлгенін анықтаған.
Жол-апатының мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Автокөлік салонында болған жолаушы жеңіл жарақат алған.
Айта кететін жайт, эпилепсиямен ауыратын адамдар жүргізуші куәлігін тек белгілі бір жағдайларда ала алады.