Шымкентте 1 жасар бала тоқ ұрып өлді

Шымкентте 2021 жылы дүниеге келген ұл бала тоқ ұрып қайтыс болды. Оқиға кеше, 15 тамызда кешкі уақытта болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кезекші-диспетчерлік қызметке сағат 20.30-да баланың қайтыс болғаны туралы жедел жәрдем қызметіндегілер хабарлаған. Қайғылы оқиға Қаратау ауданындағы Құлагер көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде болған.

Ата-анасының айтуынша, үйде «Әсел» пеші ұзартқыш арқылы тоққа қосулы тұрған. Қасында ойнап жүрген бүлдіршін абайсызда ашық тұрған электр сымын қолымен ұстап қалған. Бала оқиға орнында жан тапсырды. Нақты мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайды,

деді департаменттегілер.

Айта кетейік, Шымкентте тамыз айында электр тоғына қатысты 2 жазатайым оқиға болды. Оның бірінде 2013 жылғы қыз бала зардап шекті.

Comments (0)
Add Comment