Шымкент-Түркістан тасжолында жүк көлігі жүгімен бірге жанып кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға кешкі сағат 21:00 шамасында Шымкенттен шыға берістегі Ынтымақ мөлтекауданында болған. Чипсы мен газды сусындар тиелген Mercedes-Benz Actros жүк көлігі тіркемесімен бірге отқа оранған. Нәтижесінде көлік ішіндегі заттар да жанып кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД мамандары өртті сөндірді.
«ТЖД 25 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ», – делінген департамент таратқан хабарламада.
Қазір көліктің қалай өртенгендігі анықталып жатыр.