Шығармашыл жастардың шоғыры

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Шығармашылық мамандықтар» факультеті педагогикалық ғылымдар бағытындағы шығармашылық білім беру бағдарламалары бойынша заманауи педагог-кадрларды даярлайды. Атап айтқанда, «Дене шынықтыру және спорт», «Кәсіптік оқыту», «Еңбекке баулу және кәсіпкерлік негіздері» (IP), «Көркем еңбек және сызу» және «Бастапқы әскери дайындық».

2021 жылы институттың «Білім» факультетінің құрылымдық өзгеруіне байланысты сәуір айында «Шығармашылық мамандықтар» факультеті болып құрылды. Факультеттегі ғылыми-зерттеу, оқу-тәрбиелік, спорттық бағыттағы жұмыстар және үйірмелер студенттердің бойындағы өзіндік қабілеттерін шығармашылық тұрғыдан шыңдауға бағытталған. Оның дәлелі ретінде факультеттегі даярланатын мамандықтардың студенттері мамандық бойынша республикалық олимпиадаларға, байқауларға, халықаралық деңгейдегі жарыстарға, турнирларға қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүргенін айтуға болады. Болашақта өз кәсібінің иесі болғысы келген студенттер «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткізілетін жобаларға да қатысып, сертификаттарға ие болып жүр.
Факультетке қарасты «Дене шынықтыру және спорт» және «Бастапқы әскери дайындық және шығармашылық мамандықтар» кафедраларының ғылыми-зерттеушілік жұмыстары, республикамыздың және алыс-жақын шетелдік жоғары оқу орындарымен байланысы артып келеді. Сол сияқты студенттеріміз академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жоғарыдағы отандық және шетелдік университеттерде білім алып жүр. Білім беру бағдарламасының бейіні бойынша қаланың әртүрлі білім беру мекемелеріндегі нақты жұмыс орындарында студенттердің практикасын ұйымдастыру жөніндегі мақсатты жұмыс – дуальды оқыту жүргізіледі.
Бүгінгі таңда Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты – оқу процесі мен студенттердің бос уақытын ұйымдастыруға жағдай жасайтын дамыған инфрақұрылымы бар жоғары оқу орны. Оқу ғимараттары заманауи зертханалармен, дәрісханалармен, әдістемелік, лингафон кабинеттерімен, компьютерлік және интернет-аудиториялармен, интерактивті тақталармен, электрондық оқу залдарымен жабдықталған.
Позитивті энергия алатын және денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін нысан – спорт кешені және шағын футбол, баскетбол, жағажай волейболы алаңдары бар. Спорт кешенінде жаттығу залы, гимнастика және тренажер залдары мен арнайы «Қысқы бақ» бар. «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасы тігін саласындағы түрлі мекемелермен келісімшарттарға отырып, біріккен түрде жұмыс жасалуда. Студенттердің бейіндік бағытына сәйкес арнайы тігін цехы, қолөнер шеберханасы, компьютермен жабдықталған аудиториялары бар.
Факультеттің профессор-оқытушылар құрамында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары, ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, ҚР Қарулы күштерінің запастағы офицерлері, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Айдархан Сихаев, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері», Петр ғылым және өнер академиясының (Санкт-Петербург) мүшесі Мухамед-Умар Паншаев және ғылым магистрлары қызмет етеді.
Оқу ордасында білім беру мақсаттарын іске асыру үшін барлық қажетті ресурстар бар. Жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы студенттерге қажетті кітапхана қорын өздерінің баспадан шыққан монографияларымен, оқулықтары және оқу құралдарымен үнемі толықтыру үстінде.
Жыл сайынғы Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ-дің ұйымдастыруымен «HR-FORUM» бос жұмыс орны жәрмеңкесінде бітіруші курс студенттері әртүрлі салалардағы бос жұмыс орындарын ұсынатын белгілі компаниялардың өкілдерімен кездесіп, өз қызметін енді бастаған, бірақ қызықты бос жұмыс орындарын ұсынып жатқан жаңа компаниялармен танысып, жұмыс берушілер ұсынатын әртүрлі бос орындарға үміткерлерден іздейтін талаптар, қажетті дағдылар мен қасиеттер туралы біліп, студенттер мен жас мамандар үшін тағылымдамадан өту бағдарламалары және басқа мүмкіндіктер туралы әртүрлі салада жұмыс істейтін мамандардан құнды кеңестер мен ұсыныстар алып отырады.
«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының профессор-оқытушылары Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» республикалық мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы бойынша орта мектептердің дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне «Дене шынықтыру педагогінің кәсіби құзреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша біліктілік арттыру курстарын өтуде.
ҚР Суретшілер одағының мүшесі, педагогика ғылымдарының кандидаты Айдархан Сихаевтың ұйымдастырумен өткен дәстүрлі «Ұлы дала өркениеті» атты халықаралық суретшілер симпозиумына Оңтүстік Корея, Түркия, Литва, Жапония, Қытай, Словакия, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғыстан секілді мемлекеттерден өнер адамдары қатысып, өздерінің іс-тәжірибелерімен, сурет салу техникаларымен бөлісті. Сонымен қатар облыстың аудандарымен тығыз байланысты орнату, жас талантты суретші оқушыларды табу, ұстаз-шеберлермен тығыз байланыс орнату мақсатында ұжым мүшелерінің ұйымдастыруымен жыл сайын «Өлке өркениеті» атты облыстық жас суретшілер байқауы ұйымдастырылып, талантты оқушылардың болашақ мамандығына кәсіби бағыт-бағдар беріліп отырады.
Факультетімізге қарасты білім беру бағдарламалырының түлектері, институтымыздың мақтаныштары – бокстан Бүкіләлемдік WSB тұжырымы бойынша екі дүркін Әлем чемпионы, «Елорда кубогі» турнирінің жеңімпазы – Асланбек Шымбергенов, бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бокстан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері – Дулат Бекбауов, кикбоксингтен Әлем чемпионы – Дінмұхамед Баймұратов, кикбоксингтен Әлемнің, Азияның екі дүркін чемпионы – Мақсат Үсіп, кикбоксингтен Азия чемпионы – Талант Уралбаев, дзюдо күресінен әлемдік Grand Slam турнирінің қола жүлдегері – Данияр Шамшаев, армрестлингтен Әлем чемпионы – Сандуғаш Сейдіш, Бокстан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері – Алуа Балқыбекова, ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «MEN ZHASTARGA SENEMIN» студент жастардың ІХ республикалық форумында «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобасында, «7th International Student Conference: «Celebrating Research & Creative Endeavor» ғылыми конференциясында үздік креативті көрме байқауының, StartUp Orda және Astana Hub ұйымдастыруымен өткен «IDEA BATTLE» республикалық StartUp жобалар байқауының қатысушысы, «Үздік спикер» номинациясының иегері, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында өткен «ӘРЕКЕТ-2023» республикалық StartUp жобалар байқауының, ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай өткен «Тәуелсіздік – тұғырым» шығармашылық байқауының «Үздік плакат» номинациясының және дәстүрлі «Өлке өркениеті» ІІІ облыстық жас суретшілер байқауының «Қолөнер» номинациясының І дәрежелі диплом иегері, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» байқауының «Үздік заманауи өнер суретшісі» сыйлығының иегері –Тұрар Абумансур.
Сонымен қатар қазіргі уақытта институт қабырғасында оқып жүрген студенттеріміз де биіктерден көрінуде. Атап айтқанда біздің оқу ордасында каратэден ересектер арасында Азия чемпионы – Жоламан Биғабыл, каратэден халықаралық рейтингтік турнирде ІІІ орын иегері – Асқар Сапарғалиев, Пенчак Силаттан Азия чемпионатының күміс жүлдегері – Рахымжан Уразкулов, каратэден Азия кубогінің, Әлем кубогінің екі дүркін жеңімпазы – Камила Кемельбекова, волейболдан ҚР чемпионы – Айсұлтан Әріпхан, кикбоксингтен Әлем чемпионы – Сымбат Әлиасқар, таеквондодан (WT) балалар, кадеттер және жастар арасындағы ҚР IV турнирінде 15-17 жас аралығында 73 кг салмақ дәрежесінде І орын иегері – Бекасыл Ергеш, халықаралық әскери самбо күресінен І орын иегері – Сұлтан Жарылқапбаев, бокстан спорт шебері – Абзал Кенжебеков, қол күресінен Әлем чемпионы – Рысбек Рыстай, киокушинкай-кан каратэден ҚР чемпионы – Нұрзат Үсен, волейболдан Қазақстан құрамасының мүшесі – Эдуард Погребняк, футболдан Қазақстан құрамасының мүшесі – Әділет Өмей, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдығына орай өткен халықаралық шығармашылық сипозиумда «Искусство за сохранение экосреды» номинациясы бойынша 1-дәрежелі диплом иегері Диана Кәрімбек білім алады.
Жоғарыдағы спортшы, ғылым мен өнер саласындағы студенттеріміздің арасында жоғары жетістіктері үшін мемлекеттік, «Қазақстан халқы» қорының және де институттың грантын жеңіп алғандар бар. Алдағы уақытта да институт қабырғасынан елін, жерін әлемге танытатын талантты жастарымыз шығатынына сеніміміз мол.

Айгүл КУРМАНБЕКОВА,
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің деканы, п.ғ.к., доцент

Comments (0)
Add Comment