Шудағы атысқа қатысы бар күдіктілер қамауға алынды. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқандардың бәрі анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен соталды тергеу амалдары басталды.
Оқиғаның екі белсенді қатысушысы – 22 және 27 жастағы Шу қаласының тұрғындары уақытша ұстау изоляторына қамалды, үшінші күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр.
Нәтижесіне сәйкес қамаққа алу мәселесі қаралады.
Сондай-ақ, тағы бір күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.
Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Алмас Саламатовтың айтуынша, кеше кешке Шу ауданының орталық ауруханасына 23, 25, 26 жастағы төрт жігіт жеткізілген.
Төртеуі де атыс қаруынан ауыр жарақат алып, оның біреуі ауруханада көз жұмды.