Өңір басшысының қала тұрғындарымен кездесуінде Шу қаласынан Халыққа қызмет көрсету орталығын ашу туралы ұсыныстарын жеткізген болатын.
Бұл бастама қолдау тауып, қала әкімдігінің ғимаратынан ХҚКО ашу жұмыстары басталды. Бұл өз кезегінде қаладағы 40 мыңға жуық тұрғынның түрлі мемлекеттік қызметтерді аудан орталығына сабылмай-ақ қол жеткізуіне жол ашады. Қазіргі таңда онда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Орталық қараша айының аяғына дейін ашылып, ел игілігіне жұмыс істейтін болады.