Жаз – алаңсыз және көңілді кезең, әсіресе біздің балалар үшін. Сондықтан жазғы демалыс кезінде барлық ата-аналар үшін қауіпсіздік ережесімен танысқан аса маңызды.
Осыған орай Талас ауданы әкімінің орынбасары Айтолқын Абдибекованың бастамасымен білім бөлімі және аудандық ТЖБ қызметкерлері және ішкі саясат бөлімінің өкілдерінің қатысуымен Көктал ауылындағы көл маңында балаларға арналған шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері айтылып, алғашқы көмекті көрсету жолдары көрсетіліп, арнайы жадынамалар таратылды!
Думан Төсбаев,
Талас аудандық білім бөлімінің маманы