Шетелден 530 миллион доллар елге қайтарылды

Әділет министрлігінің мәліметінше, шетелге шығарылған 530 миллион доллар елге қайтарылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Вице-министрі Азамат Әмірғалиевтің айтуынша, екі даудың шешімі табылған соң, 530 миллион доллар елге қайтқан.

«460 млн доллардан астам сомаға мемлекет мүддесі қорғалып, екі дау бойынша 530 млн доллар елге қайтарылды», – деді Азамат Әмірғалиев.

Бұған дейін Храпунов, Әблязов, Стати ісі – Қазақстан жыл сайын шетелдік адвокаттарға 13 миллиард теңге жұмсайтынын хабарлаған болатынбыз.
Comments (0)
Add Comment