Еліміз үшін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы тарихи сәт екенін шет мемлекетте жүрген қазақстандықтар да сезініп отыр.
Бүгін Жасбыл оьлысы Шайқорық ауылының тұрғыны Дамир Ташқараев Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласындағы Қазақстан елшілігінің №267 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
— Еліміздегі маңызды кезге атсалысу әрбір азаматтың міндеті деп ойлаймын. Еліміздің жарқын болашағы үшін Ташкент қаласынан дауыс бердім, — дейді Д.Ташқараев.