Луина ашық образдағы суреттері үшін талай мәрте жұрттан сөз естіген бикештердің қатарында. Десе де, әнші бүгінде тәнін жалаңаштаудан тыйылған. Оған тұрмыс құрып, ана атануы себеп болыпты. Бұл туралы Луина НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz cайтына сілтеме жасап.
Луина ашық образдарына күйеуі Артемнің көзқарасы жайлы айтты.
«Барлық ер адамдар сияқты қарайды. Егер ішімнен бірдеңе көрініп тұрса, оған ұнамаса, «шеш, киіміңді ауыстыр» дейді. Өзім де қазір бақылауда ұстайтын болдым. Не дегенмен бұрындары жас болдық. Ал қазір тұрмыстамын, анамын», – деп ағынан жарылды ол.
Бұдан өзге, өнер иесі карантин кезінде қалай күн көргенін айтты. Ол Instagram-ның негізгі табыс көзіне айналғанын жасырмады.
«Қазір бағамды көтердім. 1,2 миллион оқырманым бар», – деді Луина.
Өнер иесінің парақшасында бір пост құны – 500 мың, видео-пост болса – 600 мың теңге. Бір сторис 250 мың болса, стористер сериясы 500 мың теңге тұрады екен.
Сондай-ақ Луина бағын жаққан жоба жайлы сөз қозғады.
«Ән айту қабілетін сыйлаған Жаратқанға алғысым шексіз. Әрі қарай ол өмірімде өрбіген оқиғалар. Мәселен, шоу-бизнес нарығына кәсіби әнші ретінде ену үшін бір кездері X-factor жобасына қатысып, танымал болдым», – деді Луина.