Шаш үлгісін өзгертіп тастаған Мәдина Сәдуақасова елді таңырқатты

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мәдина Сәдуақасова ел назарына тағы бір ерекше образын паш етті. Өзгеріс пен жаңашылдыққа жаны құмар әншіні бұл жолы жанкүйерлері таңырқатты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агентті KAZ.NUR.KZ сайтыне сілтеме жасап.

Мәдина Сәдуақасова жаңа фотосессиясының нәтижесімен Instagram парақшасында бөліскен. Суретте өнер иесі шашын қысқартып, қағаздан жасалған көйлек киіп тұрғанын көруге болады. Әншінің бұл ерекше образы бірден желідегілердің назарына түсіп, олардың қызу талқысын тудырды. Оқырмандардың басым көпшілігі эстрада жұлдызын танымай қалған. Олар Сәдуақасованы шашы мен көйлегіне қатысты сұрақтың астына алды. «Қағаздан жасалған ба көйлегіңіз?», «Шашыңыз қайда?», «Күн сайын жаңа образ. Қашан үлгеріп жүрсіз осының бәріне?», «Шашыңызды неге қысқартып тастадыңыз?», «Танымай қалдым. Мадина, өзгерістен шаршамайды екенсіз», «Ұзын шашты сағынатын боласыз», «Мына көйлек бір қызық екен», «Мүлдем жараспайды. Шашыңыз да, көйлегіңіз де», «Қағаз королевасы», – деп жазуда халық.

 

Comments (0)
Add Comment