Қарасу (Құмшағал) тұрғын алқабында 46,1 шақырымды құрайтын қиыршық тас жолы төселуде.
Жоба құны – 3,7 миллиард теңге. Бүгінгі таңда, 12 шақырымы жүргізілген. Қалған жұмыстар 2023 жылы толық аяқталатын болады. Сондай-ақ «Тараз қаласындағы тұрғын аудандарды электрмен жабдықтау құрылысы «Шалғай Қарасу» – 1,2,3,4,5,6,7» нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Жоба құны 1,3 миллиард теңге. Бұл да қаладағы ең ауқымды жұмыстардың бірі. Бұл жұмыстар 2 кезеңмен жүзеге асатындығын ескеруіміз керек. Бағаналар орнатылып, электр желісі жүргізілген соң тұрғындар тарапынан шағымдар көп түсуде. Бағаналарды орнатып болған соң, трансформатор қойып, ТГЭС-ке қосу жұмыстары тағы бар. Сондықтан бұл жоба бойынша жұмыстар өз жоспарына сай орындалуда. Қазір біршама алқаптар толық қосылған, кейбірінде трансформаторлар орнатылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жыл соңына дейін аяқталмақ. Сонымен қоса «Тараз қаласы 28 саяжай, Шөлдала, Құмшағал шағын аудандарын уақытша электрмен жабдықтау» нысаны биыл мамырда қабылданды. Пригородный станциясынан уақытша электр желісімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді абоненттеу жұмыстары атқарылуда.
Жұмаш Жолболды