Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада газ жарылып, 4 адам қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz.
«Қолда бар алдын ала ақпарат бойынша 3 қарашада түнгі сағат 3-те Шахтинск қаласында, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-да, Ленин атындағы шахтада газ дренаждық Ұңғымаларды бұрғылау кезінде газдың кенеттен шығарылуы орын алды. Оқиға салдарынан 4 қызметкер қаза болды, 1 қызметкерді іздеу жалғасып жатыр, тағы төртеуі ауруханаға жатқызылды», – деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов.