Шахтадағы жарылыстан қаза тапқан бесінші адамның денесі табылды

Құтқарушылар «АрселорМиттал Теміртау» шахтасында болған жарылыстан қаза тапқан бесінші кеншінің денесін тапты, деп хабарлайды Экспресс К

Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада жұмысшылардың қаза табу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды.

Ленин атындағы шахтада болған төтенше жағдайға байланысты ҚР ҚК-нің 277-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды,— делінген хабарламада.

Оқиға орнында Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта қажетті барлық тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Comments (0)
Add Comment