Шағын кәсіпкерліктің шаруасы ширауда

2023 жылдың 1 мамырына статистика басқармасының есебі бойынша, Тараз қаласында тіркелген кәсіпорындардың жалпы саны – 42 649, оның ішінде шағын – 6 906, бірлік және орта – 28, жеке кәсіпкерлер – 34 941, шаруа қожалықтары – 744. Нақты жұмыс істейтіндер саны – 36 804, шағын – 5 292, орта – 28, жеке кәсіпкерлер – 30 776, шаруа қожалығы – 708 бірлік.

Былтырғы 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелгендер саны 8 752 бірлікке, нақты жұмыс істейтіндер 10 379 бірлікке өскені байқалады.
Жеке кәсіпкерлік қызметін кеңейтуге, өз ісін ашуға ниет білдіруші азаматтарға шағын несие берумен «KazMicroFinance» Микрокредиттік Ұйым» ЖШС қорының Тараз филиалы айналысады, олар жылына 23-26% 2 айдан 5 жылға дейін несие береді. 2023 жылғы қаңтар-cәуір айларында 2 млрд 280 млн 055,0 мың теңгеге 1 951 несие берді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ғимарат, құрылым, өндірістік жай, пәтерді өндірістік қызметтерге, жертөлелерді қайта жобалау жөніндегі жеңілдіктер жалғасуда. 2023 жылы қаңтар-сәуір айларында 0,0226 шаршы метр алаңда 3 пәтерді дүкен және 1 пәтерді кеңсе, 1 пәтерді кафе ретінде қайта құрып, жапсарлас құрылысқа рұқсат берілді.
Жеке және заңды тұлғаларға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы (жалға) және жекеменшік құқығына кәсіпкерлік үшін жер учаскесін беру туралы 2023 жылы қаңтар-наурыз айында 202 қаулы қабылданып, ұзартылған көлемі 23,96 га құрайтын 202 жер телімі берілді.
Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында «Бизнестің жол картасы-2025» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен Тараз қаласы бойынша барлығы 119 жоба 6 млрд 449,0 млн теңгеге қаржыландырылды. Оның ішінде:
1. Пайыздық ставкаларды субсидиялау тетігімен: 89 жоба 4 млрд 911,7 млн теңгеге;
2. «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша: 3 млрд 119,4 млн теңге кредит сомасының 1 млрд 537,3 млн теңге көлемінде 30 жоба кепілдендірілді.

Айдын Алтай,
Тараз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы

Comments (0)
Add Comment