Шаһардың бас жоспарына қандай өзгерістер енгізілмек?

Тараз қалалық Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде қала әкімінің міндетін атқарушы Қ.Исмаилдың төрағалығымен «Тараз қаласының бас жоспарын түзету енгізу» жобасымен таныстыру мақсатында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында жиынға келген азаматтарға қала аумағының инфроқұрылымындағы көзделген түзетулер түсіндірілді.Тұрғындар тарапынан өздерін толғандыртын сұрақтар қойылып,мәселелер жан-жақты талқыланды.

Қаланың Бас жоспарына түзету енгізілген жағдайда Жамбыл және Байзақ аудандарына қарасты 14 елді мекеннен аумағы 11755 га қосылып, 44 551 адам қосылу көзделіп, қаланың халық саны 408 235 құрайтын болады. Бас жоспарға сәйкес қала аумағы – 30542 га ұлғаяды.

Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2 ауданнан қалаға енетін 14 елді мекеннің орнына шығып, толыққанды зерделенді.

Байзақ ауданында 18 ауылдық округтегі 43 елді мекенде 109744 мың адам тұрады. Байзақ ауданындағы 3 елді мекеннен 11269 адам қаланың құрамына енгізу жоспарлануда.

1) Талас ауылы (648 аула, 3599 адам).

2) Станция Талас (268 аула, 1280 адам).

3) Қызыл жұлдыз ауылы (945 аула, 6390 адам).

Жамбыл ауданының 17 ауылдық округіндегі 42 елді мекенде 84 243 мың адам тұрады. Бас жоспарға сәйкес Жамбыл ауданынан 6 ауылдық округке қарасты 11 елді мекен (33282 адам) қаланың құрамына енгізу жоспарлануда.

1) Жамбыл а/о (927 аула, 5 060 адам) – Шайқорық (640 аула, 3 770 адам), Шайқорық станциясы (110 аула, 512 адам), Танта (87 аула, 314 адам), Қоңыртөбе (66 аула, 464 адам);

2) Қаратөбе а/о (1 156 аула, 4 556 адам) – Бектөбе (944 аула, 3 246 адам), Қызылшарық (212 аула, 1 310 адам);

3) Қарой а/о (1 339 аула, 6 573 адам) – Пригородное (1285 аула, 6 294 адам), Кемел (54 аула, 279 адам);

4) Бесағаш а/о – Түрксіб (780 аула, 3 600 адам);

5) Полатқосшы а/о – Жалпақтөбе (1691 аула, 9 935 адам);

6) Ақбұлым а/о – Ақбұлым (715 аула, 4 022 адам).

Осыған байланысты Бас жоспарда әкімшілік шекара және қаланы екі әкімшілік ауданға бөлу ұсынылды (шартты түрде: Солтүстік және Оңтүстік).

Сонымен қатар, жобалаудың ыңғайлылығы және логикалық сәулеттік және әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қала аумағы 7 жоспарлау ауданына бөлінді.

Қалада және қала аумағына енгізілетін елдімекендерде Бас жоспарға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер бойынша бірнеше қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, оғанқала тұрғындары, жергілікті қоғам белсенділері, қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.

Бас жоспардың маңызды жобалық шешімдеріне төмендегілер жатады:

1) Кіші көлік айналымы жаңа жолының құрылысы;

2) Абай даңғылын Балуан шолақ көшесімен қиылысқан аумағында теміржол үстінен өтетін көлік жолы құрылысы арқылы «за линией» аталатын аумаққа жалғастыру;

3) Әл-Фараби көшесін оңтүстік бағытта жалғастырып, «Шалғай Қарасу» алқабына, солтүстік бағытта Қойшыбеков көшесімен жалғастырып айналма жолға қосу;

4) Қазыбек би көшесін «Қарасу» өзенінен көпір арқылы өткізіп, Қ.Тұрысов көшесіне шығару;

5) Ташкент көшесін жалғастырып, Талас өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысымен «Қант зауыты» алқабы арқылы «Кирпичный» кентіне шығару және Алматыға бағытталған жолға қосу;

5) Көшек батыр көшесін 15 шағын ауданы арқылы жалғастырып, жобадағы бас жоспар бойынша қала шекарасына енгізуге көзделген Шайқұрық ауылына дейн шығару;

6) С.Сейфуллин көшесін жалғастырып, Айша бибі көшесіне қосу;

7) Абай даңғылын солтүстік-батыс бағытта жерүсті көлік жол құрылысы арқылы жалғастырып, жобадағы 14 шағын ауданы арқылы Алматыға бағытталған жолға қосу.

Бұл ұсынылған шешімдер қаланың қолданыстағы көлік жолдарындағы жүктемені азайтуға мүмкіндік береді

Айта кетейік, облыс және қаланың әр бір тұрғыны Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің ғимаратында екі апта бойы орналасатын жобадағы бас жоспармен танысып, өз ұсыныстары мен тілектерін жазбаша түрде қалдыра алады. Әр ұсыныс хаттамаға енгізіліп, зерделенеді. Ұсыныстар 18.07.2022 дейін қабылданады.

Comments (0)
Add Comment