Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Тараз қаласы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі күзгі екі айлық жарияланған болатын.
Соған орай өткен сенбіде шаһарда жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Барлық облыстық және қалальқ мекемелерге, кәсіпорындарға, облыс әкімдігнің басқармалары мен қала әкімдігінің бөлімдеріне, кәсіпкерлерге және бизнес өкілдеріне сенбілік туралы хабарлама жолданды. Нәтижесінде тазалық шарасына 5 380 адам қатысып, 12 дана техника жұмылдырылды. Тараздықтардың жұмыла кірісуінің арқасында 162 тонна күл-қоқыс шығарылды.
Нұргүл Оразбек