Шаһар басшысы қала тұрғындарын қабылдады

Бүгін Тараз қаласының әкімі бірқатар қала тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға келген шаһар тұрғындары жер кезегі, тұрғын үй мәселесі жайында сауалдар қойды. Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйесі, көше жарығы, су құбыры, ауыз су құбырын тарту, үй аулаларын абаттандыру, тал кесу мәселелері туралы сауалдармен келді. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек жөнінде де сұрақтарын жолдады.
Қабылдауға келген қала тұрғындарының әрбір сауалы назардан тыс қалмайды. Азаматтардың сұрағын жауапты мамандарға тапсырып, заң аясында шешімін табатынын айтты.
 
Comments (0)
Add Comment