ШҚО-да 18 вагон рельстен шығып кетті (ВИДЕО)

Шығыс Қазақстан облысында руда тиелген 18 вагон рельстен шығып кетті деп хабарлады turkystan.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«3 сәуір күні 12 сағат 04 минутта Шығыс Қазақстан облысының Өскемен – Күмістау темір жол учаскесінде жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті. Пойыз сағатына 37 шақырым жылдамдықпен жүрген. Руда тиелген екі вагон – Ресей Федерациясының меншігі. Шлак тиелген тағы 16 вагон «КазцинкТемірТранс» ЖШС-не тиесілі» деп жазылған хабарламада.

Ұлттық компания өкілдерінің айтуынша, оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Жолаушы және жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Болған жағдайдың себеп-салдарын тексеріп, анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшыларынан комиссия құрылды», – деді компанияның баспасөз қызметіндегілер.

 

Comments (0)
Add Comment