Үш бала ауруханаға түсті: Петропавлда көлік аялдамаға соқтығысып, оны қиратты

Петропавл қаласындағы Панфилов көшесі бойында ВАЗ-2108 автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, аялдама павильонына соғылды. Бір ересек адам мен 3 оқушы зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

“Жол-көлік оқиғасы салдарынан 43 жастағы қала тұрғыны мен 2010 және 2015 жылдары туған үш кәмелетке толмаған бала зардап шекті. Төртеуі де түрлі жарақаттармен жедел жәрдем бригадаларымен қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды”, – деді полицияда.

Медициналық куәландыруға сәйкес, ВАЗ-2108 автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі мас болмаған.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша жиналған материалдар істің мән-жайын анықтау және процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне берілді.

Comments (0)
Add Comment