Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов XХV жазғы Сурдлимпиада ойындарына қатысатын Жамбыл облысы спортшыларымен жүздесті. Барлық қатысушы спортшылар мен бапкерлер құрамына сәттілік тілеп, ізгі тілегін білдірді.
XXV жазғы сурдлимпиада ойындары 2025 жылдың 15-25 қараша аралығында Токио (Жапония) қаласында өтпек.
Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында төрт жылда бір өтетін байрақты додаға әлемнің 80 елінен 21 спорт түрінен шамамен 3000 спортшы қатысады деп жоспарлануда.
Қазақстан құрамасы 8 спорт түрінен (грек-рим күресі, еркін күрес, жүзу, таеквондо, дзюдо, үстел теннисі, жеңіл атлетика және бадминтон) 79 спортшымен қатысады.
Жамбыл облысынан 7 спорт түрінен 12 спортшы бақ сынайды. Олар еркін күрестен Есжанов Габит (57 кг), Тұрғынбай Ғасыр (74 кг), грек рим күресінен Досжанов Абзал (77 кг), дзюдодан Тугелбаев Айдос (90 кг командалық жарыс), (78 кг, командалық жарыс), Кара оглы Фериде (52 кг, командалық жарыс), дзюдодан Егембердиева Эвелина (63 кг), таеквондодан Рысжанов Олжас (жекелей пумсе), Сейсенбаев Мади (жұптық пумсе), жүзуден Закутняя Софья (200 м баттерфляй, 400 м еркін жүзу, 800 м еркін жүзу, 1500 м еркін жүзу), жеңіл атлетикадан Сибирякова Яна (науза лақтыру, эстафета), үстел теннисінен Адилова Кулжамила (жекелей).