Серік Ибрагимов сахнадан оңбай құлап түсті

Әнші Серік Ибрагимов концерт кезінде сөз сөйлеп тұрып сахнадан залға құлап түсті.

Алайда сахнадан залға ауып түскен әншіні бірде-бір көрермен демеп жібермеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Сахнада келеңсіз жайттар анда-санда болып тұрады, — дейді Серік Ибрагимов.

Видеоны көрген желі қолданушылары Серіктің әрекетіне күлсе, енді бірі аяушылық танытып жатты.

Аяғын ауыртып алды-ау. Ондай-ондай ханның қызында да болады. Ұшып түсті. Ішегім түйіліп қала жаздады, — деп жазды желі қолданушылары.

 

 

Comments (0)
Add Comment