Спорттың айналасында жүрген мамандар отандастарымыздың Бейжіңде өткен Қысқы Олимпия ойындарында жүлдеге таласа алмай келгені психологиялық дайындыққа байланысты деседі деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы акробатикадан фристайл-могул бөлімінің жаттықтырушысы Павел Сорокин былтыр Қысқы Спартакиадаға дайындық кезінде Қазақстанның фристайл-могулден ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Елена Круглыхинаның спортшыларға тіл тигізіп, намысына тиетін сөздер айтқанын мәлімдеді. Мұндай жағдай жаттығу кезінде жиі болып тұрады. Бірде ол мені шаңғының таяғымен ұрып, жаныма бататын жаман сөздер айтқан дейді Сорокин.
«Мен Шығыс Қазақстан облысы спорттық акробатика федерациясының президенті қызметін атқарып жүрген кезде ұлттық құраманың бас бапкері әр нәрсеге көңілі толмай, қайта-қайта түртпектеп жүретін. 21 желтоқсанда дәл сондай жағдай болды. Сол күні ол мені аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып, балағаттады. Саған бұрыннан бері ана дүниеге бару керек еді деп шаңғының таяқтарымен сабағысы келді. Содан кейін ол маған соқтығысқаннан ештеңе шықпаған соң, фристайлан жаттықтырушысы Виктор Рейхерге тиісті. Ол ұлты неміс Рейхерге «сендерді баяғыда қырып тастау керек еді» деп, жанымызда тұрған балалардың көзінше бәрімізді балағаттады», – дейді ол.
Елена Круглыхина бұған дейін де спортшылармен тіл табыса алмаған екен. Былтыр ол ұлттық құрама командасының сапында өнер көрсеткен Александр Гербертпен кәдімгідей жаға ұстасқан деген дерек бар.