Сенбілікке жұмыла атсалысайық!

2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Тараз қаласы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі күзгі екі айлық жарияланды. Өте дұрыс бастама және мен мұны толық қолдаймын. Өзіміз тұрып жатқан қаламыздың әсем әрі таза болуы -өз қолымызда.

Мен мұғалім ретінде өзімнің барлық студенттеріме және бүкіл қала тұрғындарына осындай игі істерде белсенді болуға шақырамын!   «Ауылына қарап азаматын таны» деген. Сырттан қараған сыншыл көз ауламызға қызыға қараса мақтаныш емес пе?

Осы ретте, өскелең ұрпағымыздың дені сау болсын десек, айналамыздың таза тұруына баршамыз атсалысайық, ағайын!

 

Ләззат Талғатқызы

М.Х.Дулати университетінің оқытушысы

 

Comments (0)
Add Comment