Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде семинар ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарын сайлау кезіндегі сайлау процесінің ұйымдастырушылық-құқықтық және әдістемелік аспектілері» тақырыбында бекітіліп берілген бағдарламасы аясында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы және Қазақстан Рес-публикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен өткен семинарға комиссия мүшелері қатысты.
Семинар-кеңесті облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашты.
Жиында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен әлеуметтік арақашықтық сақталып, келесі тақырыптар кеңінен талқыланды:
– «Сайлау институты демократиялық мемлекеттің жұмыс істеуі негізі ретінде»;
– «Қазақстан Республикасының сайлау құқығы: қазіргі жағдайы мен даму перспективалары»;
– «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері»;
– «Дауыс беру және мәслихат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру қорытындыларын анықтау тәртібі»;
– Оқу практикалық сабақтар мен «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау күні» іскерлік ойыны.
Ұйымдастырушы:
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Жамбыл облыстық филиалы