Семейде бірінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері онлайн сабаққа көшті

Бұл шұғыл ақпарат туралы Абай облысы әкімдігінің ресми Telegram каналында мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К

Семей қаласында 2022 жылғы 15 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты (-34℃) I ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары және колледждердің 1, 2 курс студенттері үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады.

Сондай-ақ аталмш өңірдегі бірнеше аудандағы оқушылар да қашықтан оқуға көшкені белгілі болды.

Жарма, Көкпекті, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Аягөз аудандарында және Курчатов қаласында сабақ қашықтық форматқа ауыстырылды. Қалған аудандарда — штаттық режимде.— делінген ресми хабарламада.

 

Comments (0)
Add Comment