Семейде ағылшын тілі курсы кабинетінен 11 келі есірткі табылды (ВИДЕО)

Семей полицейлері ағылшын курсы кабинетінен 11 келіден астам есірткі тәркіледі деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Наурыз айының басында Семей қаласының білім беру орталықтарының біріндегі ағылшын тілі кабинетінде Алматы қаласының 36 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікке ілінген.

Оқу бөлмесіне тінту жүргізу барысында үстел үстіндегі еденде өсімдік тектес жасыл түсті заты бар полиэтиленді түйіншек орналасқан картон қорап табылды.

Сараптама қортындысы көрсеткендей, тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты. Жалпы салмағы 11 келіден асады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баптың санциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

 

Comments (0)
Add Comment