Тараз қаласы №8-3 2023 жылғы 23 қазан
«Тараз қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 12-1) тармақшасына және Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 қарашадағы №40-3 шешімімен бекітілген «Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру Қағидаларына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Тараз қаласының Құрметті азаматы» атағы келесі азаматтарға берілсін:
Ахимов Шукиргали Ахимулы – «Жамбыл су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас инженері
Ахметов Талас Айсакалович – «Завод металлоконструкций и резурвуаров» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры
Джапаров Турар – Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі
Иманбекова Шолпан Сембековна – «Бастау-Тараз» медициналық орталығының бас дәрігері
Токбанбетов Ауесбай – Зейнеткер
2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Тараз қалалық мәслихатының төрағасы К. Олжабай