«Сбербанк» Алматыны қалпына келтіруге жарты миллиард теңге бөлді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі bugin.kz сайтына сілтеме жасап.
«Сбер қалаға көмек ретінде 550 миллион теңге бөлді. 12 қаңтарда Алматыға су жаңа 10 реанимобиль сыйға берілді, орын алған тәртіпсіздіктердің салдарынан бірнеше жедел жәрдем көлігінің жойылғанын ескерсек, бұл көліктер қаламызға өте қажет. Заманауи реанимобильдер барлық қажетті медициналық құралдармен жабдықталған, атап айтқанда, дефибрилляторлар, жүрек қағысын тексеретін толық жүйе, пульсоксиметрлер, тасымалдауға қолайлы тыныс алу аппараттары, оттегі баллондары бар», – делінген ақпаратта.