Саяси науқанның мән-маңызы түсіндірілді

Облыстық референдум комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және белсенді жастармен кездесті.

Алғаш болып сөз алған Серғали Өмірзақұлы дауыс беру учаскелерінің саяси науқанға дайындығы мен ақпараттық түсіндіру жұмыстарының барысы жөнінде баяндады. Оның айтуынша, бүгінде облыс бойынша 688 мыңнан астам адам дауыс беруге құқылы екен. Сондай-ақ 300-ден аса ақпараттық билборд ілінген.
Бұдан кейін комиссия төрағасының орынбасары Сара Мәдиева журналистерді аккредиттеудің жай-жапсарына кеңінен тоқталып өтті.
Жиынның өзге де қатысушылары көкейдегі сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптар алды.

Құрмаш Қаптағай

Comments (0)
Add Comment