Саяси науқаннан шет қалмауға шақырды

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков «Жамбыл су» мекемесінің ұжымымен кездесті.
Жиын барысында шаһар басшысы ҚР Конституциясының жаңа жобасындағы негізгі жаңашылдықтар мен ерекшеліктерге, оның мазмұны мен маңызына жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ қала әкімі өз сөзінде жаңа Ата заң жобасы адам және ел дамуына, оның ішінде жұмысшы мамандарының құқықтарын қорғауға бағытталып отырғанын атап өтті.
Келесі кезекте қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай жаңа Конституция жобасының басым бағыттарына назар аударды.
Мекеме қызметкерлері де өз кезегінде еліміздегі саяси реформаларды қолдайтындарын айтып, бұл бастама кемел келешекке жол ашатынына сенім білдірді.
Жиынды қорытындылаған қала әкімі көпшілікті саяси науқаннан шет қалмауға шақырды.
Comments (0)
Add Comment