Саясаттанушы, сарапшылар саяси науқан жаңа Қазақстандағы жаңа сайлау болады дейді. Өйткені енді президент жеті жылға бір реттен сайланады. Сондай-ақ «барлығына қарсымын» деген нұсқа да пайда болады. Сондықтан ел тұрғындары қалыс қалмай, өз азаматтық таңдауларын жасаса игі дейді сарапшылар.
Саясаттанушы, сарапшылардың сайлау туралы пікірі Саясаттанушы, сарапшылар саяси науқан жаңа Қазақстандағы жаңа сайлау болады дейді. Өйткені енді президент жеті жылға бір реттен сайланады. Сондай-ақ «барлығына қарсымын» деген нұсқа да пайда болады. Сондықтан ел тұрғындары қалыс қалмай, өз азаматтық таңдауларын жасаса игі дейді сарапшылар.
Елдос Жұмағұлов, Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы:
– Сайлаудың жариялану себебі: реформаларды бел шешіп кірісу үшін бір халықтың сенімі керек сияқты. «Халық қолдай ма, қолдамай ма?» деген сұрақ туындайды. Осы кезде халық президенттің логикасына келетін болсақ, онда іске асыруға болады. Жаңа Қазақстандағы жаңа сайлау болып тұр, жаңа ережелермен жеті жылға сайлаймыз.
Әлібек Тәжібаев, «Евразиялық мониторинг» сараптама зерттеулер орталығының директоры:
– Сарапшыларға, сондай-ақ саясаттың айналасындағы барлық азаматқа кезектен тыс президент сайлауы күтпеген жаңалық болмады. Өйткені кез келген конституциялық реформа электорат циклының жаңаруымен аяқталуға тиіс.
Сондай-ақ бұл елдің түбегейлі демократияға бастауы болмақ. Өйткені еститін мемлекеттің құралы да ашық әрі әділ сайлау мен биліктің жаңаруы.