Сатыбалдыұлының 230 миллион долларлық эксклюзивті асыл тастары елге қайтарылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты тергеуді әлі де жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К. 

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алыс шет елдердегі фигуранттарға тиесілі, құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын, мемлекет кірісіне айналдырылған эксклюзивті асыл тастары мен зергерлік бұйымдары елге қайтарылды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қайрат Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салғаны анықталды. Көрсетілген сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі.

Comments (0)
Add Comment