Бүгін «Аманат» қоғамдық қоры мен Сарысулық бір топ белсенді азаматтар бірігіп, мұқтаж отбасыға Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер сыйлады.
Үй кілтін табыстау салтанатты рәсімінде, жеке кәсіпкерлер тарапынан ақ дастархан жайылып, ізгі тілектер айтылды. Үш баланың әкесі, 3-топтағы мүгедек Ерлан Тұрғамбаев бұған дейін отбасымен 1 бөлмелі пәтерде жан бағып келгенін айтып, қайырымдылық танытқан барша атқамінер азаматтарға ақ алғысын жеткізді.
Үйдің орналасқан жері де мүмкіндігі шектеулі азаматқа қолайлы. 6-ықшам аудан, №23 үй аудандық орталық базардың қарсы бетінде орналасқан. Мектеп пен балабақша да таяқ тастам жерде. Адам қарасы да көп жүреді.
Айта кетейік, «Аманат» қоғамдық қоры бұған дейін де «Асарлатып үй салу» жобасына қатысып, көптеген игі іс-шараларға атсалысып келеді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі