Сарысуда табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендер жоқ

Десе де денсаулық сақтау нысандары шұғыл жағдайларға сақадай сай

Кешелі бері сарысулықтарды сәрсеңге салып отырған жойқын желдің салдарынан Жаңатас қаласы бойынша электр жүйесі және жылу жүйесі жұмыс істемей тұрғаны белгілі. Қуанышқа орай, табиғаттың тосын мінезі салдарынан зардап шекендер жоқ.
Сарысу аудандық орталық ауруханасы 144 төсек орынға арналған, бүгінгі таңда  электр жүйесі генеторларымен жұмыс істеп тұр, алайда жылу жоқ. Аурухананың және оған қарасты сыртта орналасқан Жаңатас қаласындағы жұқпалы аурулар бөлімшесінің жоспарлы түрде жатқан науқастарды жағдайларына қарай жедел жәрдем қызметі көліктерімен үйлеріне жеткізілді.
Босану бөлімінде жатқан 1 әйел үй жағдайына шығарылса, 2 әйел Талас аудандық орталық ауруханасына ауыстырылды.
Шұғыл жағдайға дайын болу мақсатында автономды жылытылатын Дегерес дәрігерлік амбулаториясының ғимаратына 20 төсек орынға арналған стационарлық төсек орын ұйымдастырылды. Дәл осындай жағдай Саудакент ауылдық емханасының ғимарататында да жасалды. Ауруханаға жүгінген науқастарға көмек көрсету мақсатында онда Сарысу аудандық орталық ауруханасындағы қажетті медициналық құрал жабдықтар  көшіріліп  орналастырылды.
Аудан бойынша 4 эвакуациялық орталық ашылды: Олардың біреуі мәдениет үйіне, 3-еуі мектеп ғимараттарына орналастырылды.
Тұрғындарғы көмек көрсету жұмыстарына Тараз қаласынан келген 2 реанимобиль мен Талас аудандық орталық ауруханасынан жіберілген 1 жедел жәрдем көлігі, барлығы 5 автокөлік жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта ауданның орталық ауруханасында науқастар жоқ. Қабылдау бөлімінде медициналық мамандар кезегі ұйымдастырылып, қызметкерлер жүгінген науқастарды қарап, Талас аудандық ауруханасына және Тараз қаласына жолдау жұмыстары ұйымдастырылған.

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

Comments (0)
Add Comment