📌«АMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанынан құрылған «Жер Аманаты» коммисиясының Сарысу ауданындағы жұмысшы тобы зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 150 мың гектарға жуық пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтады. Облыстық комиссия және аудандық жұмысшы топ мүшелерінің ықпалымен 13 шаруа қожалық иелерімен келіссөздер жүргізіліп, 64,3 мың гектар игерілмеген жерді ерікті түрде мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылданды. Оның ішінде, 64,1 мың гектар жайылымдық жерлер, ал 116 гектар суарылмайтын егістік жерлер.
📌Сондай-ақ, бос жатқан 80 мың гектарға жуық жер учаскелерін ауыл тұрғындарына мал жаю және шөп шабу мақсатында қайтару үшін әрі қарай да жұмыстар жүргізілетін болады.
Осы орайда облыстық прокуратура, жер қатынастары басқармасы мен аудандық жер бөліміне алғысымды білдіремін.
📌Жалпы облысымыз үшін жайылым жердің жетіспеушілігі өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан комиссия мүшелері мемлекеттік органдармен, шаруа қожалық иелері және жеке кәсіпкерлермен бірлесіп, пайдаланылмай жатқан бос жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
☎️ Жер мәселелеріне қатысты сұрақтар туындаса немесе заң бұзу фактілері орын алған жағдайда «AMANAT» партиясының «Жедел желісіне» 8 800 080 44 41 хабарласыңыздар.
✍🏻 WhatsApp 8 700 800 44 41.