Сарысу ауданының әкімі ардагерлермен кездесті

Қашанда тұрғындар Жолдаудан жақсы жағымды жаңалықтар күтеді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңындағы Жолдауда барлық сала қамтылды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі. Әр сала бойынша одан әрі дамудың жолдары айқындалды.

«Ынтымақты елге бақ қонар» деген қазақта жақсы сөз бар.
Қоғамда тұрақтылықтың, бірліктің, ынтымақтың болуы көпті көрген үлкен аға буын өкілдеріне, ардагерлерімізге, зиялы қауым өкілдеріне тікелей байланысты.

Президент өз Жолдауында «Халқымыз үшін зиялы қауымның орны қашанда ерекше. Адасқанға жөн сілтеп, жастарға бағыт-бағдар берген.

Ел ағалары бір ауыз сөзбен тентегін тыйып, тектісін төрге оздырған. Біз қанымызға сіңген осы қасиеттен айрылмауымыз керек.

Қазір – ғаламтор дәуірі. Ондағы бей-берекет ақпарат тасқыны ұрпақтың санасын улап жатыр. Бір сәттік танымалдықты көксейтін тамырсыз идеялар жаппай белең алуда. Бұл – аса қатерлі үрдіс.

Дәл осы кезеңде аға буын өкілдерінің ұстанымы және белсенділігі айрықша маңызды. Зиялылардың еңбегі марапатымен емес, салиқалы сөзімен және нақты ісімен бағаланады», – деп Жолдаудың маңыздылығына тоқталып өтті, бүгінгі қариялармен кездесуде аудан әкімі.

Расында да қасиетті Сарысу өңірінде аузы дуалы, елге қамқор көнекөз қариялар баршылық.

Ардагерлер кеңесі қашан да ауданның қоғамдық өмірінің алдыңғы қатарынан ардагерлерге өзін таныстыра келе, жұмыс барысында елдің үлкендерінің ақыл-кеңесіне сүйеніп жұмыс жасайтынын жеткізді.

Әрі қарай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев және әр ауылдық округтен келген ардагерлердің пікірі тыңдалды.

Өз кезегінде әр ауылдық округтің арқа сүйер қариялары бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салды.

Аудан басшысы айтылған мәселелер бойынша әр ауылға барып, мәселенің оң шешілуіне ықпал ететіндігін жеткізді.

«Қарты бар елдің қазынасы» бар!, «Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең!» деген.

Біздің ауданымызда да көрген, түйгені көп, адасқанға жөн сілтейтін ағаларымыз жетерлік.

Олар жастарға дұрыс бағыт-бағдар береді. Бір ауыз сөзбен тентегін тыяды, – деп сенеміз.

Ол ардагер ағаларымыз осы отырған Сіздерсіздер!,- деген аудан басшысы қариялармен емен-жарқын әңгімелесті.

Соңғы 8 айдың ішінде ауданда біраз атқарылған шаруаларға тоқталды.

Қариялар тарапынан көтерілген кейбір мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Нұржан Нұралиев тоқталып өтті.

Сондай-ақ, осы кездесуде бүгінгі таңдағы екпе алу, халық санағы секілді өзекті мәселелерде айтылды.

Аудан әкімі кездесуді қорытындылай келе, «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген.

«Бақ қайда барасың, ынтымағы зор елге барамын» деген екен.
Біз үшін елдің бірлігі, ынтымағы, ауызбіршілігі өте маңыздылығына тоқталып, осы бағытта бірлесіп жұмыс атқаруға шақырды.

Қариялар қашанда құрметтеп, қарапайымдылығымен тәнті еткен Марат Сұлтанғалиевке аталық, ағалық ақ баталарын беріп, алғыстарын жеткізді.

Comments (0)
Add Comment