9Fortyfive атты американдық басылымының шолушысы Роберт Фарли АҚШ пен Қытай арасындағы қақтығыс Үшінші және төртінші Дүниежүзілік соғыстарға әкелуі мүмкін деп санайды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
“Вашингтон мен Бейжің арасындағы қақтығыс бір шешуші қақтығыспен аяқталмайды, керісінше бірқатар қарулы әрекеттерге әкеледі», – деп жазады ол.
Оның пікірінше, екі ұлы держава Тайвань үшін күрес бастауы мүмкін. Егер америкалық күштер Қытайдың халықтық азаттық армиясын жеңе алса, бұл Бежіңді аралды қосу идеясынан айыра алмайды. Қытай АҚШ-пен уақытша бітімге қол қояды, содан кейін бұл аймақтың қосылуы үшін тағы да соққы береді, дейді автор.
“Қытай Тайвань науқанында жеңіске жетсе де, бұл Құрама Штаттармен түбегейлі қайшылықтарды жоймайды. Азия мемлекеттерінің Қытайдың әскери жетістіктеріне реакциясын болжау оңай болмаса да, осы оқиғадан кейін Вьетнам, Жапония және Оңтүстік Корея сияқты елдер Вашингтонмен тығыз қатынасқа ұмтылады деп айта алмаймыз. Бұл тағы бір қақтығыстың алғышарттарын туғызады», – делінген хабарламада.
Ғалымдар ақырзаманға әкелетін екі негізгі себепті атады
Тынық мұхитының бастысындағы кез келген қарулы қақтығыс апатқа айналады және Азия мен Солтүстік Америка арасындағы инфрақұрылымның, қаржылық және сауда қатынастарының бұзылуына әкеледі, дейді Фарли.
Зерттеуші адамзат бұл қақтығыстан адамзат аман қалуы мүмкін деген үміт бар екенін де атап өтті.