Сарандық полицейлер металл ұрыларын ұстады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.
2 қарашада Қарағанды облысы Саран қалалық ПБ патрульдік полиция взводы қала ішінде күнделікті қызметіне кірісті. Сағат 21.00-де полицейлер қала көшелерінің бірінің бойымен келе жатқан ауыр жүк көлігін байқады. Көлікті 33 жастағы жүргізуші басқарып, салонда үш жолаушы – 23-25 жас аралығындағы ер адамдар болған.
Полицейлер көлікті тексеру барысында металл бұйымдарын тапты. Ұсталғандар үйлерінің бірін ауласынан ұрлап кеткендерін мойындады. Тәртіп сақшылары жәбірленушінің кім екенін анықтады – 60 жастағы ер адам, келтірілген шығын көлемін 200 мың теңгеге бағалаған. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция ұсталғандардың осыған ұқсас бірқатар қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.