Сара Амангелді: Азық-түлік дүкенін ашуды армандаймын, бірақ әзірге күйеуім жоқ

Сара Амангелді бала арманы жайлы айтты. Әнші әрі актриса өнер саласында жүргенімен, азық-түлік дүкенін ашуды армандайды екен. Бұл туралы ол «Қызық Live» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Азық-түлік дүкенін ашуды армандаймын, бірақ әзірге күйеуім жоқ. Маған қолдау керек қой. Жалғыз өзім ақшаны, дүниені қайдан табамын?
Онсыз да ата-анамның мойнында 4 қыз болып отырмыз. Сондықтан ата-анама «ананы-мынаны ашамын» деп жүк артқым келмейді. Мүмкіндік болса, күйеуіме айтамын деген ойдамын. Кішкентай кезімнен сондай арманым бар. Мені жақсы көрсе, дүкен тұрмақ, супермаркет ашып береді деп ойлаймын», – деп елді күлдірді Сара Амангелді.

Сара Амангелдіге ғашық жігіт болашақта оған дүкен ашып беруі керек. Алайда актриса тұрмысқа шығарда бірінші жүректің қалауына қараймын деп отыр.

«Күйеуге ол үшін шықпаймын. Ол – болашаққа жоспар. Жалғыз өзім қорқамын, ештеңем жоқ. Көзім бақырайып отырамын ғой», – дейді өзі.

Comments (0)
Add Comment