Сапалы өнім – қолжетімді баға

Жәрмеңке – жай ғана сауда орны емес, ауыл мен қаланың арасын жалғаған, әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық тепе-теңдікті сақтауға қызмет ететін маңызды алаң.

Мұндай шаралар ел экономикасының тамырына қан жүгіртіп, жергілікті өндірісті қолдауға, ауыл еңбеккерлерінің маңдай терін әділ бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ  ол тұтынушы мен өндірушіні тікелей табыстырып, делдалсыз сауданы қалыптастыру арқылы әділ баға мен өзара сенімді нығайтады. Осылайша жәрмеңке халықтың тұрмыс сапасын арттырып, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары қоғам құруға өз үлесін қосуда. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы құбылып тұрған кезеңде жәрмеңкенің рөлі айқын сезілетіні белгілі.

Осы мақсатпен Тараз қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу дәстүрге айналған. Бір айлық үзілістен кейін сол игі дәстүр қайта жанданып, қала орталығындағы «Жастар аллеясында» кезекті жәрмеңке ұйымдастырылды.

Шара барысында ет, сүт өнімдері, бал, картоп, пияз және өзге қажетті тауарлар нарық құнынан 10-15 пайызға төмен бағада саудаланды. Өз кезегінде бұл шара жергілікті шаруалар үшін өз өнімін тікелей тұтынушыға ұсынуға мол мүмкіндік берді.

«JT»-ақпарат

Comments (0)
Add Comment