Сапалы білім мен жоғары нәтиже кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық құндылыққа қанығып өскен өреннің танымы терең, ділі берік болады. Ата-бабалар аманат еткен ұлан-ғайыр даланы аман сақтау, ең алдымен, жас буынға артылатын зор үміт. Кейінгі ұрпақ тәуелсіздігіміздің туын әрқашан жоғары ұстауы тиіс. Қазіргі жаһандану дәуірінде жаңа технологияның қарқынды дамуы өмірімізге түбегейлі өзгерістер әкелді. Адам капиталына, білім саласына қойылатын талаптар да мүлдем өзгеше. Сондықтан сапалы білім қарқынды дамудың басты шартына айналды. Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек. Бұл үшін бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжу басты мақсат болуы тиіс», – деген еді.

Бұл тұрғыда оқу ордаларына да жауапкершілік жүктеліп, зор сенім артылуда. «125 ENT SCHOOL» мектебі осы сенімнің үдесінен толығымен шығып келеді.
Аталған оқу ошағының түлектері жыл сайын ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетуде. Мәселен, 2022-2023 оқу жылында білім сынағынан Бақберді Есентай мен Қуаныш Асылұлы – 131, Ұлдана Мухамбет – 133, Данияр Ошан – 134, Назерке Алтынханқызы 137 ұпай жинаса, Никита Трунов IELTS тестілеуінен 8 ұпайға қол жеткізді. Осы орайда Назерке Алтынханқызы Қазақстан бойынша ең жоғары ұпай алған түлектердің бірі екенін мақтанышпен айта кеткеніміз абзал. Сонымен қатар мектеп түлектеріне еліміздің беделді университеттері арнайы гранттар үлестіреді. Яғни жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларымыздың жалпы конкурстан бөлек грант ұтып алып, маңдайалды жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндіктері мол. Бұған қоса, оқушыларымыз үшін ай сайын грант, стипендия тағайындалады. Әрине, бұл жетістіктердің барлығы «125 ENT SCHOOL» мектебі сапалы білім мен жоғары нәтиженің кепілі екенін айғақтайды.
Жарқын жетістікке жету үшін адамға әуелі білім, талап, еңбек қажет. Сонда ғана адам алға қойған мақсатын орындап, биікке құлаш ұрады. Ал бұған қажет жоғарыда аталған үш қасиетті бір арнаға тоғыстыратын оқу орнын іздесеңіз, «125 ENT SCHOOL» мектебіне келіңіз.
Біздің мекенжайымыз: Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 91. Байланыс нөмірі: 87073698709.

Елдар Тагир,
Тараз қаласы бойынша «125» мектептерінің бас менеджері

Comments (0)
Add Comment