Облыс орталығында жеңіл өнеркәсіп саласы да кеңінен дамуда. Бұған «Еllin shoes» ЖШС-не бас сұққанда көзіміз жетті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Кәсіпорын иесі Юлия Починоктың айтуынша, 2016 жылы жұмысын бастаған өндіріс орнының аяқ киімдеріне сұраныс жылдан жылға артуда. Соған орай өнім көлемін арттырып, кәсіпорынды кеңейту жоспарланып отыр екен. Кәсіпорынның құрылтайшысы – Периклис Скумприс. Қазіргі таңда кәсіпорын тауарлары «Kimex», «Grand Bazar» сауда үйлерінде сатылуда.