Салтанат Бақаева мен жолдасы Нұржан Жүсіпов бірге сұхбат берді. Екеуі отбасылық қағидаларын, бір-бірінің мінезін айтты. Сүйікті ісі мен уақытты қалай өткізетіндерін баяндап берді,- «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы “Жұлдыздың жары” бағдарламасында айтылды.
Салтанат Бақаева жолдасы Нұржанмен кездейсоқ танысқан. Ал Нұржан жарын алғаш сахнадан көріп ұнатқан екен. Тіпті әйелім болса деп армандайды. Кейін арманы ойда жоқта орындарып, некелі жары атанған.
“Мен алғаш Салтанатты сахнадан көрдім. Ән айтқанын көріп тұрып, мына қыз менің қызым болса ғой деп ойладым. Кейін Салтанатпен үйде таныстық. Әпкем театрда Салтанатпен бірге жұмыс істейді. Салтанатта үйге түскі асқа шақырды. Маған алдын ала ескертті. Салтанаттың келетінін, оның актриса екенін білдім. Солай хабарласып сөйлесіп жүрдік. 6 ай өткенді үйлендік. Ол маған бірден ұнады”, – деді Нұржан.
Ал Салтанат Бақаева Нұржанның өзін бірден ұнатпағанын, біраз уақыт хабарласпағанын айтады.
“Мен Нұржанмен танысам деп ойламадым. Сондықтан киінбей, боянбай бара салғанмын. Содан ба Нұржан мені бастапқыда ұнатпады. 1 ай хабарласқан жоқ. Театрдан менің роль сомдағанымды көріп сосын хабарласты. Отбасында үнемі мені қолдайды. Маған қолдау танытады. Менің жұмысым көп болғандықтан бәріне үлгермеймін. Ондайда ата-енем, жолдасым бар. Жолдасым мені қолдап тұрса, ата-енем де дұрыс қарайды. Ол үшін ризамын”, – деді әнші.
Нұржан мен Салтанат Еуропаны аралағанды жақсы көреді. Бос уақытта бассейнге барады. Табиғатқа шығады.
“Мен бала күнімде актриса болғым келген. Нұржан да жөндеу жұмыстарымен айналысуда армандаған. Өзіне ойыншықтарды өзі жасап алатын болған. Қазір соны кәсіп етіп ашты. Мен де актриса болдым. Біз бала күнде армандаған мамандық иелеріміз. Ол үшін Аллаға сансыз шүкір”, – деді актриса.